«БТА» банкі жеңілдікті мөлшерлемемен ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қоспақ

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «БТА» банкі бір айдың шамасында 10,5 пайыз жеңілдікті мөлшерлемемен ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Банктің Астана қаласы бойынша филиалының бөлшекті бизнес жөніндегі директордың орынбасары Алексей Куанганов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. А.Куангановтың айтуынша, 10,5 пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несиелеу жобасы Үкіметтің Астана (800 доллардан) мен Алматы (1000 доллардан) қалаларында салынып жатқан тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау бағдарламасы шеңберінде әзірленіп жатыр. «Жоба дайындық үстінде және ол «Самұрық Қазына» ҰӘАҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Алғашқыда жобаны ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасымен бірге іске қосу жоспарланған болатын. Қазір «Самұрық Қазына» құрылыс салушылармен несиелендіру жүзеге асырылатын екі жүйені жіті пысықтап жатыр. Оның бірі - тұрғын үйдің шаршы метрін 96 мың теңгемен сатып алу, екіншісі - нарықтық бағамен сатып алу жүйесі», - деді ол.Несие 20 пайыздық алғашқы жарнамен 15 жылға теңгемен берілетін болады. Бүгінде «БТА» банкі қайта сатылымға түскен үйлерді де ипотекалық несиелендіруді қолға алып жатыр. Құйылуы тиіс алғашқы жарнаның көлемі 30 пайыздан басталады. Бір жылдық орташа мөлшерлеме - 18 пайыз. А.Куангановтың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта банктің негізгі акционері мемлекет болып отырған бүгінгі жағдайда пайыздық мөлшерлеме азайтылуы да мүмкін.
Соңғы жаңалықтар