БТА Банкінде кадрлық өзгерістер болды

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «БТА Банкі» АҚ-ның Басқарма құрамында өзгерістер болды.
None
None

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі бүгін Алматыда мәлімдеме таратты. 7 қарашадан бастап «БТА Банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі Сергей Валерьевич Ельцоттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның орнына Фархад Сергеевич Карагусов сайланды. Бұл шара «БТА Банкі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің ұсынысына сәйкес және Директорлар кеңесінің 4 қарашадағы шешімімен жүзеге асып отыр.

Заң ғылымдарының докторы Ф.Карагусов әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институтында 1995 жылы профессор Майдан Сүлейменовтың жетекшілігімен «Бағалы қағаздардың құқықтық жүйесі» деген тақырпта кандидаттық диссертациясын, ал 2002 жылы «Ақша мен бағалы қағаздар азаматтық құқық жүйесінің нысаны ретінде» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде заң және сот жүйесі мәселелері бөлімінде мемлекеттік қызметте істеді. Сондай-ақ «КудерБразес» халықаралық заң фирмасында заңгер, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның заң қызметі бөліміне 6 жыл жетекшілік жасады.

Соңғы жаңалықтар