БТА банкте міндеттемелерді қайта құрылымдау жүріп жатыр - Е. Бахмутова

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова осылай мәлім етті.
Қор өкілінің айтуынша, дағдарыс кезеңінде қаржы секторын тұрақтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» арқылы бөлінген қаражаттардың (470,1 млрд теңге) қайтарылымы бүгінгі күні 202,95 млрд. теңгені құраған. Қалған қаражат әлі де банктерде жатыр және бұлар 273,1 млрд. теңгені құрайды.
«Айта кетерлігі, Халық банкі қаражатты қайтарып бітті. «Казкоммерцбанк» келісім бойынша қайтарады және қайтару бойынша міндеттемелер әлі басталған жоқ. Альянс банкке келсек, оның жағдайы жалпы тұрақталды және жағымды капиталға шығып, банк жүйесін дамытып жатыр. БТА банкке келсек, оның жағдайы біршама нашарлап кетті. Қазіргі күні міндеттемелерді екінші қайтара қайта құрылымдау жүргізілуде. Формальды үдерістерді жыл аяғына дейін бітіру көзделеді», - дейді Е. Бахмутова.