БТА Банктің директорлар кеңесінің төрағасы М. Әбілязов қызметінен босатылды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - БТА Банктің директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбілязов қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр К. Мәсімов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің шешімімен «БТА Банк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы М. Әбілязов және БТА Банк акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ж. Жәрімбетов олардың қызметі салымшылар мен банк кредиторларының мүдделеріне және заңдылық талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, қызметтік міндетін атқарудан босатылды», деді отырыста Үкімет басшысы. «Үкімет отырысынан кейін директорлар кеңесі өтеді. Онда осы қаржылық ұйымның жаңа басшылары анықталады», деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар