Бітімгерлерді Қазақстанға қайтару шешімін кім қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов бітімгерлерді Қазақстанға қайтару тәртібіне қатысты түсінік берді.

Бітімгерлерді Қазақстанға қайтару шешімін кім қабылдайды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгін Сенатта тілшілер Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлерді елге қайтару шешімін кім қабылдайтынын сұрады. Өз кезегінде Сұлтан Қамалетдинов бұл сұрақты БҰҰ Бас хатшысына жолдау керек екенін айтты.

- Атап айтқанда, бұл контингент БҰҰ хатшылығына бағынады. Оларды эвакуациялау немесе басқа жерге көшіру мәселелерін БҰҰ хатшылығы мен осыған тікелей жауапты қолбасшы шешеді, - деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.

Еске салсақ, 2024 жылы наурыз айында қазақстандық бітімгерлерді Голан биігіне шығарып салу рәсімі өтті. 

Бұған дейін хабарланғандай, БҰҰ Қазақстанға бітімгерлік миссияға жылына 5 млн доллар төлем жасайды. 

Бұдан бөлек, Голан жоталарынан оралған қазақстандық бітімгерлер қызметін қайда жалғастыратыны мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар