BTS әлемдік туры: 75 елдегі көрермен кинотеатрдан тікелей эфирде тамашалай алады

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік кореялық бойзбенд BTS жаңа «Arirang» әлемдік турының ашылу концерті тікелей эфирін Оңтүстік Корея мен басқа елдердегі кинотеатрларда көрсетеді, деп хабарлайды Yonhap.

BTS начнет мировой тур с прямой трансляции в кинотеатрах 75 стран
Фото: Yonhap

BigHit Music агенттігінің мәліметінше, алғашқы көрсетілімдер 11 сәуірде Сеул маңындағы Гоянда және 18 сәуірде Токиода өтеді. Концерттер 75 елдегі 3500-ден астам кинотеатрда көрсетілмек. Кейбір аймақтарда трансляция уақыт айырмашылығына байланысты кейінге қалуы мүмкін.

«Arirang» туры K-pop тарихындағы ең ірі тур болады: 34 қалада 82 концерт жоспарланған. Солтүстік Америка мен Еуропадағы барлық 41 шоу, сондай-ақ Гояндағы концерттер билеттері толық сатылған.

BTS алғашқы корей тобы ретінде әлемдік стадиондарда жеке концерттер өткізеді: Raymond James Stadium (Тампа), Stanford Stadium (Калифорния), AT&T Stadium (Арлингтон) және Allianz Arena (Мюнхен).

Лондонда топ екі күн қатарынан — 6 және 7 шілдеде Tottenham Hotspur стадионында 120 мың көрермен алдында өнер көрсетеді. Бұл стадион үшін рекордтық көрсеткіш болады.

Тур бесінші студиялық альбом Arirang-тың шығуына орай ұйымдастырылып отыр. Альбом 20 наурызда жарық көрмек. Сол кезеңде Сеулде BTS The City Arirang Seoul мәдени жобасы өтеді: медиа-арт, қалалық инсталляциялар және музыкалық бағдарламалардан тұратын сериялық іс-шаралар 20 наурыздан 1 сәуірге дейін жоспарланған.

Бұған дейін BTS тобының әншілері 2020 жылдың үздік әртістері атанғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар