13:00, 14 Наурыз 2025 | GMT +5
Бұдан былай ХҚКО-да кезек күтпей ақылы негізде қызмет алуға болады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік корпорация Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізді.

— Енді жеке менеджер қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдайды. Еліміз бойынша бірыңғай тариф — 6088 теңге, — делінген корпорация таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, жеке менеджер көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді.
Осыған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады.