18:14, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Бұдан былай Өскемен тұрғындарының азық-түлікке алуға қатынау жолақысы тегін болады
СЕМЕЙ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Дағдарысқа қарсы бағдарламасының аясындағы жаңа жоба Өскемен қаласында іске қосылды.
Бұл жерде жексенбі күндері жолаушыларды автобуспен вокзалдан «Арзан» көтерме сауда маркетіне дейін тасымалдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл Өскемен қаласы әкімдігі мен сауда кәсіпорындарының бірлескен акциясы. Іс клиенттерді жеткізумен шектелмейді. Бір сағат бойы автобус базар аралап кеткен өз жолаушыларын күтіп, оларды кері апарып тастайды. «Арзан» көтерме сауда маркеті қалалық дағдарысқа қарсы бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады. Мұнда тауар өндірушілердің бағалары бойынша тауарлардың 28 түрі сатылады.Сонымен қатар, сатушыларға қолайлы бағамен көкөністерден бастап, сабын-кір жуу құралдарына дейінгі тауарлардың кең түрі ұсынылған.