Будапештегі турнирде Жәмила Бақбергенова чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирдің екінші күнінде қазақстандық балуандар бір алтын, екі қола медаль алды.

жәмила бақбергенова
Фото: United World Wrestling

Бұл жүлделерді әйелдер күресінің шеберлері қоржынға салды. 

Рейтингілік турнирде 72 келіде финалда сынға түскен Жәмила Бақбергенова мажарстандық Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды. 

Аталған салмақта 3-орын үшін белдесуде Гүлмарал Еркебаева украиналық Ирина Заблоцканы 4:1 есебімен қапы қалдырып кетті.

Ал 59 келіде 3-орын үшін белдесуде Диана Каюмова тағы бір отандасымыз Ирина Кузнецованы 6:4 есебімен осал тұсын тапты.

Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 6 маусымда ел құрамасынан Әлішер Ерғали (97 келі) алтын, Юсуп Батырмырзаев (125 келі) күміс, Ризабек Айтмұқан (97 келі) қола алған еді.