13:33, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Бүгін 105 шымкенттік жас жұп заңды некеге отырды
МКЕНТ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін 105 шымкенттік жас жұбайлар заңды некеге отырды,
деп хабарлайды Шымкент қаласының АХАЖ өкілі Динара Тілепова.
«Бұл рекордық көрсеткіш!», - дейді ол.
«Жас жұбайлар 11.11.11 датасын әдейі таңдаған, бұндай сәйкестік жүз жылда бір рет келеді. Сондықтан ғашықтар бұны бақытқа балап отыр», - деді Д.Тілепова.
Ол сондай-ақ жыл басынан бері бүгінгі күнді қоса алғанда Шымкентте 5 111 отбасы заңды түрде шаңырақ көтергенін атап өтті.