07:13, 19 Ақпан 2017 | GMT +5
Бүгін Ақ Азиада ойындары басталады
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанаты шара бүгін жергілікті уақытпен 16:00 де басталады. Спортшылар шеруінде еліміздің жалауын шаңғы жарысынан бес дүркін Қазақстан чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.
Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жалпы жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Бұл бәсі биік додаға еліміздің намысын қорғауға 153 спортшы келді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше алғашқы іріктеу сындары басталған болатын. Онда хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жергілікті спортшылармен бақ сынасып, өкінішке қарай, қарсыластарына 0:5 есебімен ұтылып қалды. Ал ертең, яғни 20 ақпан күні біздің хоккейші аруларымыз қытай құрамасымен ойнайды.