Бүгін Алматыда 60-тан астам жол апаты болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарт – Алматы қалалық Полиция департаменті қалың қар салдарынан сейсенбі күні 60-тан астам жол апаты тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда 60-тан астам жол апаты болды

«Қазіргі уақытта қалада 65 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 13 адам зардап шекті»,- деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, -25 градус аяз болатынын жазған болатынбыз. Ертең тұман мен көктайғақ болатыны да болжанып отыр.

Сондай-ақ әкімдік қысқы тазарту технологиясына сәйкес, қала көшелері қалай тазартылатынын айтты.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерді ағаш түбіне қалдырмауға кеңес берді.

Айта кетейік, бүгін түскі сағат 12:00-де басталған қар тоқтаусыз жауып тұр.