Бүгін Алматыда «Астана» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін «Астана» алаңында өтетін жәрмеңкеде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласының 35 азық-түлік кәсіпорындары, «Алматы» ӘКК 180 тоннадан астам тауарларын ұсынады.
Қала азаматтары ет, сүт өнімдері, жеміс, көкөніс, шұжық, ұн тәрізді 50-ден астам тауар түрлерін базардағы бағадан 15-20% төмен бағамен сатып ала алады. Осы шараға байланысты бүгін қаладағы Қазыбек би көшесі - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Фурманов көшесі бағытында қозғалатын қоғамдық көліктер бағытына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен. Атап айтқанда, Фурманов көшесімен мына бағытта қатынайтын қоғамдық көліктер жүргізілетін болады: №2, 63, 73, 79, 86, 105, 118, 127. Ал Абылай хан даңғылымен №98, 99 автобустар және №5, 6 троллейбустар бағытына қатынайтын қоғамдық көліктер жүргізілетін болады.