08:34, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Бүгін Алматыда Қазақстанның қаржы нарығы мен банк секторын дамыту мәселелері талқыланады
АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 11 сәуірде "ҚР Қаржы нарығы мен компаниялардың корпоративтік дамуының өзара байланысы: қазіргі заманғы қауіптер, ағымдар мен даму мәселелері" тақырыбымен

дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Оны Халықаралық бизнес академиясы мен "Қаржылық нарық және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі корпоративтік даму" зертханасы ұйымдастырып отыр.
Іс-шара барысында Қазақстанның қаржы нарығы мен банк менеджментін реформалау, қазіргі заманғы жағдайда қаржы құралдары мен банк секторын дамыту, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыруды жаңарту сияқты өзекті мәселелер талқыланады. Оған ҚР Ұлттық ғылым академиясының, республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының, Қазақстан банктері қауымдастығының, Зейнетақы қорлары қауымдастығының және сақтандыру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың өкілдері шақырылып отыр.