17:46, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Бүгін Алматыда жер сілкінісі тіркелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 сәуір күні Алматы қаласында жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 33 минут 40 секундта (Гринвич уақыты бойынша 06 сағат 33 минут 40 секундта) жер сілкінісі тіркелді.
Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 591 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасы аумағында 5 шақырым тереңдікте орналасқан. Энергетикалық күші - 9.2, магнитудасы MPV 4.0. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ, дегенмен Рихтер шәкілі бойынша, 2-3 баллды құрауы мүмкін.