Бүгін Арқалық аумағында ғарыштық экипаж қонады

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бортында үш ғарышкер бар «Союз ТМА-15» кемесінің қону аппараты бүгін Арқалық аумағына қонуы тиіс,
None
None

деп хабарлайды Мәскеу облысының Королев қаласындағы Ұшуды басқару орталығы.

Ұшуды басқару орталығының ақпараты бойынша құрамында ресейлік ғарышкер Роман Романенко, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Франк де Винна, сондай-ақ Канада ғарыш агенттігінің өкілі Роберт Тирска бар экипажбен бірге «Союз ТМА-15» кемесінің қону аппараты Астана уақыты бойынша 13 сағат 16 минутте қонады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум