Бүгін «Астана» хорватиялық «Динамомен» карымта ойын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» елордада «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Астана» хорватиялық «Динамомен» карымта ойын өткізеді
Фото: fcastana.kz

Кездесу 2 тамыз күні елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойынға Нидерланд елінен келген Деннис Хиглер бас төреші болады.

Оған отандастары Рогир Хониг мен Рой де Наc көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Джоуи Коэй.

25 шілдеде өткен алғашқы кездесуде «Астана» аталған қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.

Ал 2018 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасы «Астананы» (1:0, 2:0) қапы қалдырып кеткен еді.

Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.

Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.

Айта кетсек, «Астана» 2015-2016 жылғы кезеңде аталған турнирдің топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Ал, 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.