Бүгін Астанада Қазақстан мен Испания арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылады

  АСТАНА.  Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Менің Қазақстанға жасап отырған сапарым екі мақсатты көздейді. Сапарымның негізгі мақсаты - Испания мен Қазақстан арасындағы  стратегиялық әріптестікті ілгері жылжыту. Бүгін  әріптесім, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімшартқа қол қоятын боламыз», - деді бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен жүргізілген келіссөздерден кейінгі брифингте Испанияның Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Мигель Анхель Моратинос.

 Оның айтуынша, сапарының екінші мақсаты - Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезіне қатысу. «Мен бүгін съезд жұмысына қатыстым. Онда Түркия мен Испанияның, сондай-ақ БҰҰ-ның өркениеттер қауымдастығы идеясын дамытуға қосқан үлесі мен рөлін түсіндіруге тырыстым», - деді ол.  М. Моратинос сонымен қатар, бүгін Қазақстан мен Испания арасында бірнеше келісімге қол қойылатынын атап көрсетті. «Оның бірі өте маңызды. Ол - қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім. Бұл Қазақстан мен Испаниядағы іскерлік байланыстарды, капитал салымын дамытуға ықпал ететін болады», - деді Испания министрі.

Соңғы жаңалықтар