Бүгін Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезекті XIII съезі өтеді

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - /Марлан Жиембай/ Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезекті XIII съезі өтеді.
None
None

Сьезд жұмысына Үкімет мүшелері, ҚР Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстаннның барлық өңірлерінен партиялық ұйымдардың делегаттары қатысатын болады.

Айта кетейік, 11 ақпанда Астанада «Нұр Отан» ХДП-нің кезекті XIII съезі өткізілетінін 13 қаңтарда Теміртауда қалалық партия ұйымының есептік-сайлау конференциясы барысында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин хабарлаған болатын. «Бүгін, және осы жерде - Теміртауда, мен біздің Көшбасшымыздың қабылдаған бір саяси шешімі туралы хабарлағым келеді. Біздің партияның төрағасы кеше 11 ақпанда Астана қаласында партияның 13-ші кезекті съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл маңызды саяси іс-шара болады. Осы съезде тек біздің партияның алдағы 10 жылға арналған қызметінің жаңа векторы анықталып қоймай, Қазақстанның 2020 жылға арналған даму стратегиясына сәйкес оның миссиясы көрініс табатын партияның жаңа бағдарламасы қабылданады», - деп атап көрсеткен болатын Н.Нығматулин.

Естеріңізге сал кетейік, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының ХІІ съезі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 2009 жылы 15 мамырда Астанада өткен болатын.

Онда Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық қоғамды жұмылдырып, мемлекетіміздің дағдарыстан кейінгі кезеңде қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін «Нұр Отан» партиясы мен Үкіметтің алдына бірқатар іргелі міндеттер қойды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға ден қою, құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіруді өркендету, мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту, металлургияны және дайын металлургиялық өнімдерді өндіруді дамыту, химиялық, фармацевтикалық және қорғаныс өнеркәсібін дамыту, энергетика саласына екпін салу, көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту міндеттерін жүктеген болатын.

Сондай-ақ съезде Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы әзірлеуді тапсырды. Осыдан басқа, Мемлекет басшысы партияның басқарушы кадрларын нығайтып, партияның ішіндегі кадрлық жұмысты жөнге салу, партияның ұйымдастырушылық-саяси жұмысын жандандыру керектігін айтып, «Нұр-Отан» партиясы қоғамдағы құндылықтардың дұрыс жүйесін құру жөніндегі жұмысты басқаруы тиістігін атап көрсетті. Съезде партияның 2009-2012 жылдарға арналған даму стратегиясы қабылданып, Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ХІІ съезде талқыланатын негізгі сұрақтардың қатарында «Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен қазақстандықтардың игілігі үшін: біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» деген халықтық тұғырнаманы әріқарай жүзеге асыру болды. Партияның ХІІ съезіне еліміздің өңірлік филиалдарында өткен саяси кеңестердің кеңейтілген отырыстарында сайланған 592 делегат қатысты

Соңғы жаңалықтар