Бүгін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары басталады

3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер өткізеді.
Мемлекеттер басшылары келіссөздерде сауда-экономикалық және индустриялық-инновациялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өнеркәсіптік кооперация мәселелерін қозғайды.
Сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі, ең алдымен, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерді дамыту барысы талқыланады. Сонымен бірге, мемлекеттер басшыларының бірлескен мәлімдемеге және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюы жоспарлануда.
Беларусь Президентінің сапары екіжақты және көпжақты форматтардағы мемлекеттер ынтымақтастығын бекітіп, оған жаңа серпін береді деп күтілуде, сондай-ақ халықаралық өзекті проблемалар бойынша өзара пікір алысу көзделген.