Бүгін - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.

Бүгін - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

Бұл күннің тарихы 1931 жылы Женева аймағы қауымдастығы деп аталатын, яғни әлемнің барлық елдерінде жергілікті аймақ қауіпсіздігін құру туралы халықаралық келісімдерге қол қоюмен басталды.

Жыл сайын Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні нақты ұранмен аталып өтіледі. Оның биылғы жылғы таңдалған тақырыбы: «Тұрақты даму тұрғысынан азаматтық қорғаныс және зілзалалар қатерін азайту». Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау және әрекет етуге дайындығы - кәсіпорындар және шаруашылық нысандарында құрылған азаматтық қорғаныс құрылымдарының, аумақтық ТЖ органдарының негізгі міндеті болып табылады.

1997 жылғы қазан айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Жарлығына бірігу туралы» заңы қолданысқа енгізілді. Біздің еліміз қызметінің негізгі бағыты мемлекеттердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және алдын алу саласындағы үкіметтік органдардың үйлестірілуін күшейту болып табылатын халықаралық ұйымның беделді толық құқылы мүшесіне айналды.

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу әрекетінде мемлекеттің координациясына, оған тұрғындарды дайындауға, мүмкін болатын шұғыл жағдайларға ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерін үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық акция болып табылады.