Бүгін Бурабайда қазақстандық құс өсірушілер форумы басталады

Форумға ҚР Парламентінің депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілері, Қазақстан мен ТМД жетекшілері мен мамандары, агрохолдинг өкілдері қатысады.
«Екі күндік форум құс өсіру шаруашылығы саласында диалог құру мен шешімдер табу, маңызды бағыттар үшін алаң құрып, мемлекет пен бизнес арасында іскерлік қарым-қатынас пен өзара сенімділік орнатуға мүмкіндік береді», делінген Құс өсірушілер одағы хабарламасында.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы Қазақстанда құс етін өндіру көлемі 136 мың тоннаны құрады, 3,8 млрд. дана жұмыртқа шығарылды. Оның ішінде фабрикалар 128 тонна құс етін өндіріп, 2,6 млрд. дана жұмыртқа шығарған, деп жазады strategy2050.kz.
«Бұл көрсеткішке аталмыш салада өз күштері мен мемлекеттің қолдауы арқылы қол жеткізілді. 2013 жылы құс өсіруші кәсіпорындар 14,8 млрд. теңгенің субсидиясына ие болды», - деп хабарлайды Құс өсірушілер одағынан.