Бүгін Бурабайда Қазақстанның төрағалығымен ТМД мемлекет басшыларының кеңесі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бурабайда (Ақмола облысы) Қазақстанның төрағалығымен ТМД мемлекет басшыларының кеңесі және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырыстары (ЖЕЭК) өтеді.
None
None

Қазақстанның төрағалығымен өтетін жиында 17 мәселе қаралмақ. ТМД көшбасшылары оның төртеуін шағын құрамда талқылайды. Кездесу қатысушылары лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды. Сондай-ақ, сыртқы шекараны берік ұстап, іргені қымтау мәселелері де бар. Бұл ретте алдағы 4 жылда қауіпсіздікті нығайта түсу жөніндегі бағдарлама құру туралы шешім қабылданады. Гуманитарлық, құқық қорғау және әскери салалардағы серіктестік тағы бір пысықталады.

Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения президенттерінің қатысуымен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес саммитінде бірлестіктер ауқымындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуға баса көңіл бөлінеді. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді дамытуға қатысты пікір алмасады. Күн тәртібіне сондай-ақ халықаралық қызмет, басқа да ықпалдастық құрылымдарымен және елдермен ынтымақтастықты нығайту мәселелері енгізілген. Отырыс қорытындыларымен Одақтың болашақтағы экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар