Бүгін де бірқатар аймақтардың оқушылары қашықтан білім алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық оқушылар ауа райына байланысты бүгін де қашықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елордалық білім басқармасы 12 қаңтар күні ауа температурасының төмендігінен екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына ауыстырылғанын мәлімдеді.
Сол сияқты, Семей қаласында да бүгін ауа райының қолайсыздығына орай 2 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақты үйлерінен оқиды.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы Жаңаөзен және Ақтау қаласы бойынша мектеп оқушылары түгел, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқраған аудандары бойынша бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазды. Оқытудың дәстүрлі форматына өту ауа райының жағдайына қарай реттеледі.
Бұған дейін 12-13 қаңтар күндері Алматыда мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқитынын жазғанбыз.