12:40, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Бүгін DJ David Gueta елорда тұрғындарына ұйқы бермеуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО -2017» аумағындағы Амфитеатрдағы концертке орай көрме маңындағы үйлердегі тұрғындар түнгі сағат 01:00-ге дейін ұйықтамауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 29 тамыз 2017 жылы сағат 21.00-ден ЭКСПО -2017 xалықаралық көрме аумағындағы Амфитеатрда атақты DJ David Gueta концерті өтеді. Шара түнгі сағат 01.00-ге дейін өтпек. Осы уақытқа дейін музыка дауысы естілуі мүмкін. Өтініш, осы ақпаратты көрмеге жақын орналасқан тұрғын-үйлерде тұратын астаналықтар мен қала қонақтарына ескертулеріңізді сұраймыз», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жөргенбаева.
Айта кетейік, Давид Гетта танымал француздық диджей әрі продюсер. Бүгінде ол әлемнің атақты әншілерімен және топтарымен бірлескен жобаларды іске асыруда.