Бүгін - Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күні

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күні 2007 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 60-ыншы сессиясында бекітілді және жыл сайын 25 сәуір күні атап өтіледі.
None
None

Бұл күн безгекке қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш-жігерлерді насихаттауға арналған.

Безгек - адамға масалар түрлерінің бірі шаққан кезде берілетін инфекциялық аурулар тобы. Науқаста әдетте қалтырау, тоңазу, бауыр мен көкбауыр көлемінің ұлғаюы болады. Жыл сайын 350-ден 500 миллионға дейін адам безгекке шалдығады, олардың бір миллионнан үш миллионға дейіні қайтыс болады. Сырқаттану оқиғаларының 90 пайызға жуығы Африка, Таяу Шығыс, тіпті Еуропаның кейбір өңірлеріне тиесілі. Ерекше қауіпті топқа бес жасқа дейінгі балалар жатады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум