Бүгін - Дүниежүзілік діндер күні

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Жыл сайын қаңтар айының үшінші жексенбісінде БҰҰ-ның бастамасымен әлемде Дүниежүзілік діндер күні (World Religion Day) атап өтіледі.
None
None

Аталмыш мерекенің тарихы 1950 жылы басталды. Датаны барлық әлемдік діндердің мазмұнының біртұтастығын жеткізу және дін әлемді ұрысып-таластыратын емес, керісінше, біріктіретін күш екендігін көрсету мақсатында АҚШ-тағы Бахаи Дінінің ұлттық басқару органы бекітті.

Адамзат тарихында көптеген діни дәстүрлер мен нанымдар белгілі. Олардың арасында әлемнің әртүрлі аумағында көптеген сенушілері бар ең үлкен үш дінді бөліп айтуға болады - христиандық, ислам және иудаизм. Сондай-ақ халықтардың бір бөлігі буддизм, индуизм және зороастризмге ғидабат етеді.

Әрине, діндер мазмұны жағынан бір-бірінен әртүрлі, бірақ олардың барлығы адамзаттың басты құндылықтары тұрғысында бір-біріне етене жақын. Онымен бір мезгілде, террористік, экстремистік сипаттағы, тыйым салынған діни ұйымдар да бар екендігін ұмытпау қажет.

Соңғы жаңалықтар