Бүгін - Дүниежүзілік гемофилия күні

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл сайын 17 сәуір күні көптеген мемлекеттер Дүниежүзілік гемофилия федерациясының акциясына қосылып, Дүниежүзілік гемофилия күнін атап өтеді.
None
None

Кейбір деректер бойынша, бүгінде әлемде тұқым қуалайтын және жазылмайтын бұл сырқатқа (ақ қан ауруы) шалдыққан адамдардың саны 400 мыңды құрайды.

Таяу уақытқа дейін ақ қан ауруына ұшыраған балалардың арасында кәмелеттік жасқа жеткендер аз болды. Қазіргі уақытта науқастардың өмір сапасын анағұрлым арттыруға және өмір сүруін ұзартуға мүмкіндік беретін емдеудің инновациялық әдістері пайда болды. Онымен қоса, гемофилияны емдеудің жаңа құралдары - бұл адамнан алынған ақуызды құрамайтын жоғары тазартылған препараттар, бұл оларды әлеуетті вирустық инфекция тұрғысынан қауіпсіз етеді.

Дәрі-дәрмектер жеткілікті болған жағдайда ақ қан ауруына шалдыққан науқас толыққанды өмір сүре алады: білім алады, жұмыс істейді, отбасын құрады.
Бірақ гемофилияға қарсы препараттармен толыққанды қамтамасыз етпеудің салдарынан балалар мен жастар ерте жасынан мүгедектікке әлі де шалдығып келеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум