Бүгін - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
Дәрігердің айтуынша, қант диабеті – ұйқы безі инсулинін жеткілікті мөлшерде өндірмегенде немесе ағза өзі өндіретін инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде дамитын ауыр созылмалы ауру.
«Қазіргі уақытта қант диабетінің екі түрі белгілі. Бірінші типтегі қант диабеті инсулинге тәуелді. Алматы қаласында 2570-ке жуық ересек пен 650 бала, жасөспірім ауырады. Екінші типтегі қант диабеті инсулинге тәуелді емес. Алайда, қазіргі уақытта олай айту мүмкін емес, себебі, көптеген науқастар инсулин алады. Диетаны, белсенді өмір салтын ұстанатын пациенттер қант деңгейін нормаға келтіре алады, асқынулардың алдын алуға да болады. Бүгінгі таңда Алматыда жыл басынан бері ересектер арасында II типті қант диабеті ауруының 48 216 мыңға жуық жағдайы және балалар мен жасөспірімдер арасында 36 жағдайы тіркелген»,- деді дәрігер.
Балалардағы бірінші типтегі қант диабетінің белгілері спецификалық емес.
«Ата-аналар баланың салмағының күрт төмендеуі, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу туралы ескертуі керек. Ересектерде қант диабетінің ауыздың құрғауы, зәр шығарудың жоғарылауы сияқты белгілері байқалады. Гликемияның көрсеткіші ұзақ уақыт бойы жоғары болып, адам аяғының ұюы және шаншуға шағымдануы мүмкін»,- деп атап өтті эндокринолог дәрігер.
Негізі балалардағы қант диабеті аутоиммунды патология болып саналады. Бұл абсолютті инсулин жеткіліксіздігіне әкелетін ұйқы безінің β-жасушаларының иммундық делдалдық немесе идиопатиялық бұзылуына негізделген полигенді көп факторлы ауру.
«СД 1 генетикалық бейімділік болған жағдайда дамиды, оны жүзеге асыру үшін ұйқы безінің β-жасушаларының аутоиммунды зақымдануының қоздырғышы ретінде әрекет ететін сыртқы орта факторлары қажет. Триггерлер инфекциялық және инфекциялық емес факторлар болуы мүмкін. 1 типті қант диабетімен ауыратын балалар өмір бойы инсулин терапиясын алады, бұл инсулиннің абсолютті жеткіліксіздігімен байланысты», – деді Светлана Большакова.
Ол 2 типті қант диабеті балалар мен ересектер арасында жеңіл көмірсулардың шамадан тыс тұтыну мен физикалық белсенділіктің болмауынан болатын артық салмақ салдарынан жиі кездесетінін айтты.
«Аурудың ерекшелігі – оның ұзақ уақыт бойы адам ағзасында белгісі болмайды. Ол көбіне СД 2-мен біріктірілген аурулары бар пациенттерді кездейсоқ немесе диспансерлік тексеру кезінде анықталады, яғни, семіздік, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, подагра, поликистозды аналық без. Скрининг болмаған жағдайда диагноз аурудың басталуынан 7-9 жылға созылуы мүмкін»,- деді дәрігер.
Светлана Большакова әр адам өзіне назар аударып, қант деңгейін үнемі тексеріп отыруы қажет екенін айтты.
«Бүгінгі күні бұл оңай. Талдау барлық медициналық тексеруге кіреді және оны медициналық тексерудің бір бөлігі ретінде тапсыру оңай. Егер сізге қант диабеті диагнозы қойылса, үміт үзбеңіз. Сондай-ақ өзін-өзі емдеумен айналыспау керектігін ескертеміз. Біздің қаладағы мамандардың біліктілігі жоғары және дер кезінде көмек көрсете алады»,- деді эндокринолог.
Оның айтуынша, қаланың барлық емханалары эндокринолог дәрігерлермен қамтамасыз етілген.
«Адамдар қант диабетін үнемі бақылауда ұстап, еңбекке қабілеттілігін жоғалтпау және мүгедектікке әкелетін асқынулардың дамуын болдырмау үшін дәрігердің бақылауында болғаны дұрыс. Себебі, бүгінгі күні мегаполисте қант диабетінің түріне қарамастан барлық терапия және барлық мониторинг пациенттің әлеуметтік белсенділігі мен жұмыс қабілеттілігін барынша сақтау принципіне негізделген»,- деп қорытындылады сөз эндокринолог дәрігер Светлана Большакова.
Басты фото:vrt.be