Бүгін - Эквадор Республикасының Тәуелсіздігі күні

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Эквадор Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1809).
None
None

Эквадор - Оңтүстік Американың солтүстік батысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Кито қаласы. Әкімшілік аумағы 21 провинцияға бөлінеді және оған провинция мәртебесі бар Галапагос аралы да кіреді. Ресми тілі - испан тілі. 2000 жылдан бастап АҚШ доллары есептесу қаражаты ретінде қолданылады. Мемлекеттік құрылысы - Республика. Мемлекет басшысы - президент (президент - үкімет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы).

Соңғы жаңалықтар