08:35, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Бүгін Елбасының Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары басталады
ӘБУ-ДАБИ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары бүгін басталады.
Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасына Елбасы өткен сенбі күні барған болатын. Әбу-Дабиде шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер, іскерлік кеңестің отырысы өтеді, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елбасының сапарымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінде наурыздың 16-17-сі күндері Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді. Әбу-Даби мен Дубайда өнер шеберлерінің концерттері жоспарланған. Әбу-Дабиде «Қазіргі заманғы Қазақстан» фотокөрмесі көрсетіледі, сондай-ақ қолданбалы және зергерлік өнер бұйымдарының көрмесі өтеді.