Бүгін Елбасының Германияға сапары басталады

БЕРЛИН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға жұмыс сапары басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасы бастаған ресми делегацияның құрамында - Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Президенттің Халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қайрат Сарыбай, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қазақстан-герман үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Бақыт Сұлтанов, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, басқа да ресми адамдар бар. Елбасы Германияға соңғы рет осыдан екі жыл бұрын сапар жасаған болатын. Бұл жолғы сапардың ерекшелігі сол, алғаш рет Қазақстанның Германиядағы жылы ашылғалы отыр. Бұған дейін Еуропада Қазақстанның тек Украинадағы және Ресейдегі жылдары өткен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында Германия Федеративтік Республикасының Федеральды Президенті Хорст Кёлермен және Канцлер Ангела Меркельмен кездеседі. Көрнекті саяси қайраткер, 1974-1992 жылдары ГФР-дың сыртқы саясат ведомствосын басқарған 82 жастағы Ганс-Дитрих Геншермен де кездесу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қазақстан-герман бизнес-форумына және Қазақстан жылының салтанатты ашылуына арналған концертке қатысады.
Соңғы жаңалықтар