Бүгін елдің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде күшті бұрқасын болады.
Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23-280 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын бақыланып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обылыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.