Бүгін еліміздегі 11 облыста аптап ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстікте, шығыс және шеткі батыста ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, аумақтың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде жел күшейеді, батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.

Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтілуде.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарынның кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram