Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады
Елдің солтүстігінде бұршақ жауады, тек батыста ғана күн ашық. Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар бөліктерінде секундына 15-25 метрге дейін жел күшеюі мүмкін.
Ақмола, облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деген болжам бар.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Астанада күн алабұлтты, күндіз жауын жауады. Оңтүстік батыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соққан жел солтүстік батысқа қарай ойысады. Ауа температурасы түнде +12,+14, күндіз +19+21 °С болады.
Алматыда күн алабұлтты, артынан өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.