Бүгін еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік аймақтарында жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі, республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс, солтүстігінің кей жерлерінде жауын жауады. Батыс, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысының кей жерлерінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Бүгін еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік аймақтарында жауын жауады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел соғады, күші 18-23 м/с.

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел соғады, күші 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көтайғақ күтіліп, түнде кей жерлерінде, күндіз көп бөлігінде жел соғады, күші 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында жел күтіледі, кей жерлерінде жылдамдығы 15-20, түнде 20-25, кей жерлерінде 30 м/с болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысында жел 17-22 м/с жылдамдықпен ұйытқып, екпіні 26 м/с-ға жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.