Бүгін елордалық медиаорталықтағы жаңа студиядан «Еуразия» бірінші арнасы жаңалықтарының алғашқы хабарлары эфирден таратылады

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні сағат 18.30-да елордалық  «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің ғимаратындағы студиядан «Еуразия» бірінші арнасы жаңалықтарының алғашқы хабары эфирден таратылады.
None
None

«Еуразия» бірінші арнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясының бас режиссері Зохиджон Хаджиметов бұл оқиға  туралы былай дейді:

«Жаңа студия тікелей хабар таратуға мүмкіндік береді. Яғни, журналистер жүргізушілермен оқиға орнынан тікелей байланысады. Біздің жаңалықтар уақытын әр тілдегі 15 минуттық хабар таратудан 30 минутқа ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр. Біз оларды шоу түрінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Әзірге мұның барлығы қарастырылып жатыр. Жаңа формат көрермендердің көңілінен шығады деген үміттеміз».

Студия тамаша болуы үшін дизайнерлер барын салды. Студияны әзірлеуде компанияға тән түстер - көк, қызыл және ақ түстер қолданылды. Бас режиссердің айтуынша, дизайнның авторы - Мұхтар Мырзакеев. Бұл суретшінің еңбектерін түсірілімдері Ресейде өткен «Дневной дозор», «Ирония судьбы. Продолжение» және «Ёлки-2» фильмдері бойынша бағалауға болады.

«Телестудия дизайнын жасауда мен ондағы пішіндер мен сызықтардың айқын болғанын қаладым. Осы кеңістікке тән етіп жасауға тырыстым», - деді Мұхтар Мырзакеев.
Жаң студиядан күндізгі және кешкілік жаңалықтар эфирге шығады. Әзірге жоспар осындай. Алайда «Еуразия» бірінші арнасы көрермендерін жаңа жобаларымен таңғалдыруын жалғастыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар