Бүгін - еске алу, аза тұту күні, Ұлы Отан соғысының басталған күні

Бұл күні ХХ ғасырдың қантөгісті жылдары - Ұлы Отан соғысының басталған күні. 22 маусым бұрынғы КСРО елдерінің күнтізбесіне Еске алу және аза тұту күні ретінде ресми еске алу күні болып енгізілді.
1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар.
Бұл күні гитлерлік басқыншыларға қарсы айқаста қаза тапқан, тұтқында зәбір көрген, тылда аштан өлгендердің барлығын еске алады. Біз сұрапыл жылдары өз Отанын қорғай отырып, жандарын қиып, борышын өтегендердің барлығын аза тұтамыз. Көп елдерде бүгін мемлекеттік ту төмен түсіріліп, соғыста қаза тапқандар мен батырларын еске алады.
Төрт жылға созылған соғыс 27 миллионнан астам кеңес халқын жалмады. ҰОС 1945 жылы 9 мамырда Жеңіспен аяқталды.