Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Еуропа футбол одағы қауымдастығының УЕФА штаб-пәтерінде Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жеребе өткізіледі.
None
None

Алматының «Қайраты» өз қарсыласын білетін болады, деп жазды Sports.kz.

Қазақстандық команда «Боруссия» (Дортмунд, Германия), «Аякс», АЗ (екеуі де Нидерланды), «Рубин», «Краснодар» (екеуі де Ресей), «Заря» (Украина), «Ред Булл» (Австрия), «Виктория» (Чехия), ПАОК (Грекия), «Стяуа» (Румыния), «Янг Бойз» (Швейцария), «Спарта» (Чехия), «Фенербахче» (Түркия), «Стандард» (Бельгия), «Легия» (Польша), «Бордо» (Франция), «Панатинаикос» (Грекия), «Лех» (Польша), «Сент-Этьен» (Франция), «Слован» (Чехия), «Саутгемптон» (Англия) немесе «Белененсешпен» (Португалия) кездесуі мүмкін.

Жеребе тастау Астана уақытымен сағат 17:00 басталады. Бұл кезеңдегі матчтар 20 және 27 тамызда өтеді, жеңімпаздар Еуропа Лигасының топтық турниріне шығады. Сондай-ақ бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің де жеребе тарту рәсімі өтеді. Онда "Астананың" қарсыластары анықталады. Тізімде швейцариялық «Базель», шотландиялық «Селтик», кипрлік АПОЭЛ, белоруссиялық БАТЭ мен хорватиялық «Динамо» Загреб бар. Жеребе тастау рәсімі бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Плей-оффтың іріктеу кезеңіндегі матчтары 18-19 және 25-26 тамызда болады.

Соңғы жаңалықтар