Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы тур ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы тур ойындары 6-7 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Алдымен E, F, G, H тобындағы командалар өзара шеберлік байқасады.
E тобында «Динамо Загреб» (Хорватия) пен «Челси» (Англия), «Ред Булл Залцбург» (Австрия) пен «Милан» (Италия) жасыл алаңға шығады.
Ал F тобында «Селтик» (Шотландия) пен «Реал Мадрид» (Испания), «Лейпциг» (Германия) пен «Шахтер Донецк» (Украина) кездеседі.
Сондай-ақ, G тобында «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Копенгаген» (Дания), «Севилья» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) өзара тартысқа түседі.
H тобында «Бенфика» (Португалия) мен «Маккаби Хайфа» (Израиль), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Ювентус» (Италия) ойнайды.
Аталған ойындар арасынан «Пари Сен-Жермен» мен «Ювентус» кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан елорда уақытымен 00:50- де тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: uefa.com