Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің үшінші туры өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің үшінші туры өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің үшінші туры өтеді

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады.

Бүгін, 17 наурызда алты команда кездеседі.

Аталған турдағы басты ойын елордалық «Астана» мен «Ақтөбе» командалары арасында өтеді. Алғашқы екі турдан кейін ұпай ала алмаған «Астана» көш соңында тұрса, «Ақтөбе» үш ұпаймен жетінші орында келеді. Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Үшінші турдағы өзге ойын кестесі төмендегіше:

15.00. «Атырау» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы),

17.00. «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақжайық» (Орал)

17.00. «Тұран» (Түркістан) мен «Каспий» (Ақтау)

17.00. «Қайрат» (Алматы) мен «Тараз». «Qazsport».

19.00. «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл)

Аталған турдағы «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) арасындағы кездесу ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.

Алғашқы екі турдан кейін «Шахтер» мен «Қайрат» командалары алты ұпаймен көш бастап келеді.