Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының алғашқы ойыны өткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының алғашқы ойыны өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Ал 21:00-де «Астана» мен «Тұран» (Түркістан), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.
Қарымта ойындар 7 маусымға белгіленген. Жартылай финал 28 маусым мен 8 шілдеде ойналады. Финал 4 қарашаға белгіленген.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті.