Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 қазанда футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда «Ақжайық» (Орал) мен «Тараз» (16:00), «Астана» мен «Ордабасы» (19:00) командалары кездеседі.

Финалға жолдама бір ғана ойынның нәтижесімен беріледі.

Жартылай финал ойындары ПФЛК-ТВ телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан кубогы ойындары 6 сәуірден басталды. Ол 12 қарашада мәресіне жетеді.

Аталған турнир 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Бұған дейін Алматының «Қайраты» 10 мәрте кубокты төбесіне көтерді. Барлығы 15 команда кубок иегері атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Қайсар» қарсыласын ірі есеппен жеңді.


Соңғы жаңалықтар