Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан UEFA Суперкубогында Англияның «Манчестер Сити» және Испанияның «Севилья» командалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын 16-нан 17 тамызға қараған күні елорда уақытымен 00.50-де Грекияның Пирей қаласындағы «Караискакис» стадионында өтеді.
Кездесуге франциялық Франсуа Летексье бас төреші болады. Оған отандастары Сириль Мюнье мен Мехди Рахмуни көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші норвегиялық – Эспен Эскос. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Манчестер Сити» биыл Чемпиондар лигасында бірінші рет жеңімпаз атанды. Ал «Севилья» Еуропа лигасында кубокты төбесіне өктерді. UEFA Суперкубогының бастау алғанына биыл тура жарты ғасырдан астам уақыт болды.
Қазірге дейін Испанияның «Реал Мадрид», «Барселона» және Италияның «Милан» клубтары бес мәртеден чемпион болды. Жалпы, мұндай атаққа барлығы 24 команда қол жеткізді.
Еске салсақ, 2022 жылы Испанияның «Реал Мадрид» командасы футболдан UEFA Суперкубогының иегері болды.