Бүгін - Халықаралық қарттар күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын атап өтіледі.
None
None

Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады. Осы мерекеге орай, елімізде қарттарды қолдаудың айлығы өткізіліп келеді. Бұл акция осыдан бірнеше жыл бұрын ардагерлер ұйымының бастамасымен шыққан еді, содан бері ол дамып, қоғамымызда жаппай қолдауға ие болуда. Қарттарға қайырымдылық көмек берушілердің саны жылдан-жылға көбейіп, әлеуметтік көмек алушылар саны да арта түсуде. Осының өзі қоғамымызда қарттарға деген қамқорлықтың, оларға деген жанашырлықтың арта түскенін айғақтайды.

Әсіресе, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккер­леріне деген қамқорлыққа қарттар дән риза. Қазір елімізде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері көп қалған жоқ. Оларға деген үкімет пен қоғамның қамқорлығы үнемі жасалып тұру керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үнемі ескертіп отырады. Әсіресе, келесі жылы болатын Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты атап өту жөнінде Еура­зиялық экономикалық одақ елде­ріне мүше мемлекеттердің басшылары Минскіде болған кездесуде келісім жасағаны ардагерлердің қуанышты сезімін тудырды.

Енді биылғы айлықты да лайық­ты өткізу міндеті алдымызда тұр. Республикалық арда­герлер ұйымының Орталық кеңе­сі еліміздегі барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, бизнес-қауымдастығы басшыларына және барлық өнегесі мол өрісті жандарға үндеу жария­лап, «Ардагерлерге - жүрек жы­луы» акциясына белсене қаты­суға шақырды.

Соңғы жаңалықтар