Бүгін - Халықаралық Кино күні

АСТАНА. Желтоқсанның   28-і.  ҚазАқпарат -  Бүгін - Халықаралық Кино күні. 
None
None

1895 жылы Парижде Капуцин бульварындағы «Гранд-кафеде» ағайынды Люмьерлер синематографиясының алғашқы сеансы өтті. Сол жылы  француз Луи және  Огюст Люмьерлер өздерінің ойлап тапқан «Синематограф» аппаратына патент алды. 1895 жылы наурыздың 22-де ағайындылар Парижде  тарихтағы алғашқы киносеансты ұйымдастырады. Олар жақын достарына ғана «Жұмысшылардың Люмьер зауытынан шығуы» атты қысқа лентасын көрсеткен.

 Бірақ та киноның  туған  күні - сол 1895 жылдың  желтоқсан  айының 28-і саналады.    Сол  кезде,    Париждегі Капуциндер бульварындағы        дәмханада    Люмерьлер   көпшіліктің  назарына  «Ла Сьота  вокзалына  пойыздың келуі» атты    әлемдегі  тұңғыш    қысқаметражды фильмді   ұсынды.   Ол    кинематограф тарихында   бұқараға  ақшаға көрсетілген    алғашқы фильм болатын.

 Аталмыш  фильм   көрермендердің арасында  нағыз дүрбелең  туғызды:   олар  экрандағы   пойыз  басып  кетеді  деп   қорқып,  залдан      қашып шыққан.

Соңғы жаңалықтар