Бүгін - Халықаралық шахмат күні

АСТАНА. Шілденің 20-сы.  ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық шахмат күні. Атаулы күн Халықаралық шахмат федерациясының құрылуына орай 1966 жылдан бастап аталып өтіледі.
None
None

Бүгінгі таңда аталмыш ұйымға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Федерацияның өз туы, әнұраны және ұраны бар.

Шахмат ойынының атауы парсы сөздерінен шыққан: шах мат - «билеуші қайтыс болды» дегенді  білдіреді. Шахматтың отаны - Үндістан. Онда V ғасырда шахматтың арғы атасы - чатуранга ойыны пайда болған. Шахмат - 64 тордан тұратын тақтаның үстіне 32 (16 ақ және 16 қара фигура) фигураны орналастыру арқылы ойналатын ойын. Ойынның мақсаты қарсыласыңның короліне мат қою болып табылады. Әрбір қалада спорттың осы түрін ұнататындарға арналған шахмат клубы бар (кей қалаларда бірнешеу). Халықаралық шахмат күнінде бұл клубтарда сайыстар, ойын-сауық шаралары өтеді.

Соңғы жаңалықтар