Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін хоккейден Қазақстан-Дания құрамаларының екінші матчы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 қаңтарда Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңі аясында Даниямен екінші матч өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бүгін хоккейден Қазақстан-Дания құрамаларының екінші матчы өтеді

Ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады. Оны QazSport телеарнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Еске салайық, жұбаныш кезеңі үш ойынға жоспарланған. Дегенмен ол бір құраманың екі жеңісіне дейін жалғасады. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Данияны 4:3 есебімен жеңген болатын. Сергей Старыгиннің тәрбиеленушілері бүгін сәтті ойын көрсеткен жағдайда әлем чемпионатының элитасында өз орнын сақтап қалады.

Қазақстан жастары бұған дейін В тобында сынға түскен еді. Топтық кезеңде біздің жастар барлық кездесуде қарсыластарына есе жіберді. Атап айтқанда, алдымен Финляндиядан 0:5 есебімен жеңілсе, одан кейін АҚШ-тан 2:8 есебімен ұтылып қалды. Жастарымыз үшінші кездесуде Словакиядан 2:11 ойсырай жеңілсе, Швецияға 1:4 есебімен жол берді.