11:15, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Бүгін - Иран Ислам Республикасының ұлттық мерекесі - Революция күні
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Иран Ислам Республикасының ұлттық мерекесі - Революция күні.
1979 жылы осы күні Иранда шах режімі құлап, Иран Ислам Республикасы жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы 29 қаңтарда орнаған.