Бүгін Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ата Заңымыз - Конституция күнін атап өтуде. Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
None
None

бекіткен Ата Заңымыз - Конституцияға 19 жыл толып отыр. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады. Атап айтқанда, 30-31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері болмақ.

Астанада Конституция күніне арналған халықтық серуен қалалық алаңда ұйымдастырылады. Мерекелік концертте Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өнер көрсетеді, Астана қаласының шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары елорда тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйламақ. Конституция күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам түрлі шара ұйымдастырылады, соның ішінде спорттық жарыстар, флеш-мобтар мен акциялар, байқаулар, көрмелер, концерттер бар. Сонымен қатар алаңда тәтті-дәмділер мен сусындар сатылатын орындар ашылады. Мерекелік шара сағат 10.00-де басталып, түнгі 23.00-ге дейін жалғасады.

Ал Алматыда 30 тамыз - ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай веложарыс өтеді. Осындай мерекелік іс-шаралар Қазақстанның барлық облыстарында және қалаларында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар